Ақсу ауданына - 80 жыл!
 

Валюта бағамдары

АҚШ доллары
 
148.59
Евро
 
197.21
Ресей рублі
 
5.00




Ауа-райы

Астана
 
-23
Алматы
 
-18




Дауыс беру

 




Әкім аппараты



Ақсу ауданының әкімдігі 

«Ақсу ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі ресми негізде  1994 жылы құрылды. 2005 жылы аудан әкімі аппаратынан аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, экономика және бюджеттік жоспарлау, спорт, сәулет және қала құрылысы бөлімдері өз алдына бөлек мемлекеттік мекемелер болып шықты. Аудан әкімі аппаратында штат бойынша 15 қызметші, 2 бөлім бар.
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық және кадрлармен жұмысы бөлімі аудан әкімінің өкілетті және орындаушы органдармен байланысын қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы Президенті, Үкімет актілерінің, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімі, аппарат басшысы тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Бөлім жұмысының құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы және Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері, аудан әкімінің аппараты туралы Ереже құрайды. Бөлім өзінің практикалық жұмысында басқа аудандық құрылымдық бөлімдермен, аудандық Мәслихатпен, басқа да мемлекеттік органдармен іскерлік байланыста болуда.
Жалпы бөлім  аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қызметін қамтамасыз етеді. Өз қызметінде аудан әкімінің аппараты туралы Ережені, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, аудан әкімінің қолданып жүрген заңдар жиынтығы мен актілерін басшылыққа алады, әкім аппараты, поселкелік, ауылдық округтері әкімдерімен және басқа да мемлекеттік басқару құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
Аудан әкімі аппаратында бүгінгі таңда аудан әкімінің орынбасарлары Тынышбаев Берік Тынышбайұлы, Исаев Қайрат Асқарұлы, Қорғанбаев Сәбит Бейсебекұлы, аппарат басшысы Сабырбаев Амандос Ақышұлы, ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық және кадрлармен жұмысы бөлімінің бастығы Үсенов Нұрбол Қаметқалиұлы, бөлімнің бас инспекторы Тектібаев Болат Төлендіұлы, бас маманы Сугралина Гүлжан Нұрбекқызы, жалпы бөлімнің бастығы Нарышев Серік Жидеханұлы, бас маман Өтеген Талғат Өтегенұлы, бас маман-есепші Байжұманова Назгүл Мырзағалиқызы, жетекші маман-есепшісі Оспанбекова Динара Оспанбекқызы қызмет атқаруда.
Аппарат қызметкерлері мемлекеттік қызметтегі ұзақ жылдар бойы жинақтаған өз тәжірибелерін, біліктіліктерін, іскерліктерін аудан экономикасын одан әрі дамытуға, Елбасының алға қойып отырған негізгі міндеттерді, әлеуметтік-экономикалық стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асырып, орындауға жұмылдыруда.

Осы мемлекеттік мекемені 2008 жылдың наурыз айынан аудан әкімі Дүйсембаев Әскербек Тұрарбекұлы басқарып, басшылық етуде.





Аудан жаңалықтары
13 января
Алматы облысының прокуратурасында кәсіпкерлердің құқығын қорғау тобы құрылды.  
 
15 декабря
Сайлаушылар тізімін құру, өзектілігін нақтылау және өздеріңіздің төл құжаттағы анықтамаларды тексерту үшін Ақсу ауданы әкімдігі CALL-CENTER орталығын құрды


Республиканың жаңалықтары


Государственные ресурсы
              



Таратулар


Аппарата акима Аксуского района





Карта района







Сайт бойынша іздеу







 
2009-2012 © Информационный портал Аппарата акима Аксуского района
Сайтты өңдеу және қолдау: Интернет-компания «Creatida»