Ақсу ауданының әкімі - Дүйсембаев Әскербек Тұрарбекұлы
Дүйсембаев Әскербек Тұрарбекұлы 1957 жылы Талдықорған облысы, Қапал ауданы Молалы стансасында туған. 1974 жылы Талдықорған облысы Көксу ауданының Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектебін, 1979 жылы
Алматы ауылшаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша бітірген.. Ұлты қазақ, білімі жоғары.
Еңбек жолын Алакөл ауданындағы «Сарықұм» қой совхозында 1979 жылы агроном болып бастады. 1980-1981 жылдары аралығында Ақсу ауданындағы І.Жансүгіров атындағы колхозда агроном қызметін атқарды.1981-1983 жылдары аралығында Ақсу ауданындағы Қосағаш қант қызылшасы совхозында бас агроном қызметін атқарды.1983-1985 жылдары аралығында Ақсу ауданындағы І.Жансүгіров атындағы колхозда бас агроном қызметін атқарды. 1985-1989 жылдары Ақсу ауданындағы Қазақ ВАСХНИЛ институтының тәжірибе шаруашылығын басқарды. 1989-1991 жылдары Алакөл ауданының ауылшаруашылығы басқармасының бастығы болып жұмыс жасады. 1991-1994 жылдары аралығында Ақсу ауданындағы Ленин атындағы совхоздың директоры қызметін атқарды. 1994-1996 жылдары аралығында «Береке» агрофирмасының директоры қызметін атқарды. 1997-2002 жылдары «Ақсу» акционерлік қоғамында директордың орынбасары және директоры қызметтерін атқарды. 2002-2003 жылдары Талдықорған қаласындағы «Меруерт», «Айгерім» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып жұмыс істеді. 2003-2004 жылдары аралығында Алматы облыстық аумақтық басқармасының экономикалық талдау бөлімінің бастығы. 2004-2008 жылдары Ақсу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2008 жылдың 14 наурызынан осы күнге дейін Ақсу ауданы әкімі қызметін атқаруда.
Аудан әкімінің орынбасары - Тынышбаев Берік Тынышбайұлы
Тынышбаев Берік Тынышбайұлы 1974 жылы 27 мамырда Жансүгіров поселкесі, Ақсу ауданы, Талдықорған облысында дүниеге келген. 1981 жылдың 1-қыркүйегінде Қызылту ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің 1-сыныбына барып, 1997 жылы осы аталған мектептің 11 сыныбын бітіріп шықты.
1991 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылығы институтының агрономия факультетіне түсіп, 1996 жылы ғалым- агроном мамандығын алып шықты. 1996 жылдың 5 мамырында Қызылту ауылындағы «Бүйен» өндірістік коперативіне бас экономист болып жұмысқа орналасты. 1997 жылдың 25 маусымында Ақсу аудандық соттың сот орындаушысы қызметіне жұмысқа орналасып, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық Университетінің құқықтану факультетінің заңгер мамандығы бойынша сырттай бөлімге оқуға түсіп, 2000 жылы оқуды аяқтады.1997 жылдың 27 желтоқсанында Ақсу ауданы әкімі аппаратына бас маман қызметіне жұмысқа кіріп, 2000 жылдың 7- қаңтарынан бастап, аудан әкімінің көмекшісі болып ауысты. 2002 жылдың шілдесінен бастап аудандық ауылшаруашылық басқармасы бастығының орынбасары қызметіне ауысып, 2004 жылдың қыркүйегіне дейін жұмыс жасады. 09.09.2004 жылдан 05.01.2005 жылға дейін аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы. 05.01.2005 жылдан 04.01.2006 жылға дейін аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 23.02.2006 жылдан 19.03.2008 жылға дейін Ақсу ауданы аппарат басшысы қызметін атқарды.
19.03.2008 жылдан бүгінгі күнге дейін Аудан әкімінің орынбасары қызметін атқаруда
Ақсу ауданы әкімінің орынбасары – Исаев Қайрат Асқарұлы
Исаев Қайрат Асқарұлы 1967 жылы Жансүгіров поселкесі, Ақсу ауданы, Талдықорған облысында дүниеге келген. 1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Мамандығы экономист. 1991 жылдың 5- тамызынан 1995 жылдың 17- қазан айына дейін, Берлітөбе ауданының салық инспекциясы бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.1995 жылдың 17- қазанынан 1997 жылдың 1- тамызына дейін, Қапал аудандық салық инспекциясының бастығы болып қызмет атқарды. 01.08.1997- 19.04.1999 жылдар аралығында Ақсу аудандық салық комитетінің төрағасының орынбасыры. 1999 жылдың 19- сәуірінен 2000 жылдың 27 - қазанға дейін Ақсу аудандық экономика комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. 2000 жылдың 27 қазан айынан 2005 жылдың 5- қаңтарына дейін Ақсу аудандық қаржы бөлімінің бастығы, Ақсу аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы жұмысын атқарды. 2006 жылы 20 қаңтарынан 2006 жылдың 5- мамырына дейін Ақсу аудандық қаржы бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды.
2006 жылдан 14 шілдеге дейін Жансүгіров поселкелік округі әкімінің орынбасары
14.07.2006-04.03.2008 жылдар аралығында Ойтоған ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.
2008 жылдың 4- наурызынан, осы уақытқа дейін Ақсу ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс атқарып келеді
Аудан әкімінің орынбасары - Қорғанбаев Сәбит Бейсебекұлы
|
Туған жылы, айы, күні
|
02. 06. 1953 жыл
|
|
Оқу орнының аталуы
|
Қазақ политехникалық институты
|
Оқуға түскен/ бітірген жылы
|
1970 ж
1975 ж
|
Білімі бойынша мамандығы, біліктілігі |
Жоғары
Құрылыс - инженері
|
|
Тілдерді меңгеруі
|
Мемлекеттік және орыс тілдерінде еркін сөйлейді
|
|
Наградалар, көтермелер
|
ҚР Конституциясына 10 жыл мерекелік медалі. 2005 жыл.
|
|
Арнайы тексеруден өтуі туралы мәлімет
|
ҚРҰҚК Алматы облысы бойынша Департаментінің
№ 15 – 2524 29.03.2001 жылғы хаты. Кедергі жоқ
|
|
Аттестациядан өтуі туралы мәлімет
|
Өткен жоқ
|
|
Сыбайлас жемқорлық бойынша тәртіптік жаза туралы мәлімет
|
Тартылған жоқ
|
|
Ант қабылдағаны туралы мәлімет
|
11.04.2001 ж.,06.02.2006ж
|
Еңбек жолы
|
айы және жылы
|
жұмыс орны, қызметі
|
Мекеменің
мекен-жайы
|
|
қабылдануы
|
шығарылуы
|
|
01.10.1975
|
01.02.1977
|
Ақсу құрылыс техникумының арнайы пәндер оқытушысы
|
Ақсу ауданы
Жансүгіров поселкесі
|
|
14.02.1977
|
22.06.1977
|
№ 2307 жылжымалы механикалық калонаның прорабы
|
Жансүгіров поселкесі
|
|
27.04.1978
|
28.08.1978
|
№ 16 жылжымалы механикалық калонаның жоспарлау бөлімшесінің бастығы
|
Жансүгіров поселкесі
|
|
30.08.1978
|
10.07.1979
|
Лениншіл коммунистік жастар одағының Ақсу аудандық комитетінің бөлім меңгерушісі
|
Жансүгіров поселкесі
|
|
10.07.1979
|
14.01.1981
|
Ақсу аудандық партия комитетінің нұсқаушысы
|
Егінсу ауылы
|
|
30.01.1981
|
16.11.1982
|
№ 635628 әскери бөлімінің рота командирінің орынбасары
|
Москва қаласы
|
|
15.01.1983
|
30.03.1983
|
№ 16 жылжымалы механикалық калонаның бас инженері
|
Жансүгіров поселкесі
|
|
30.03.1983
|
16.04.1986
|
Басқан кеншарының партия комитетінің хатшысы
|
Жаңалық ауылы
|
|
16.04.1986
|
02.11.1991
|
Ақсу аудандық партия комитетінің хатшысы
|
Жансүгіров поселкесі
|
|
02.11.1991
|
04.03.1992
|
Ақсу аудандық халық депутаттары Кеңесінің төрағасының орынбасары
|
Жансүгіров поселкесі
|
|
04.03.1992
|
30.11.1993
|
Ақсу аудандық халық депутаттары Кеңесінің төрағасы
|
Жансүгіров поселкесі
|
|
10.12.1993
|
08.02.2001
|
Қаракөз шаруашылығының басқарма бастығы
|
Қаракөз ауылы
|
|
08.02. 2001
|
11.04.2001
|
Жансүгіров поселкелік округі әкімінің міндетін атқарушы
|
Жансүгіров поселкесі
|
|
11.04.2001
|
03.02.2006
|
Жансүгіров поселкелік округінің әкімі
|
Жансүгіров поселкесі
|
|
03.02.2006
|
04.12.2008
|
Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
|
Жансүгіров поселкесі
|
|
04.12.2008
|
Қазіргі уақытқа дейін
|
Ақсу ауданы әкімінің орынбасары
|
Жансүгіров поселкесі
|
Аудан әкімі аппаратының жетекшісі – Сабырбаев Амандос Ақышұлы
Сабырбаев Амандос Ақышұлы 1964 жылы 3-тамызда Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ақсу селосында дүниеге келген.
1971 жылы Ақсу ауданы , Жансүгіров поселкесіндегі Қ.Сатбаев атындағы орта мектепке барып, оны 1981 жылы бітірген.
1981-1983 жылдары Шымкент кооперативтік техникумында оқып бухгалтер мамандығын тәмамдады. Білімі жоғары.
1983 жылдан 1985 жылға дейін Совет Армиясы қ атарында болып, 1988 жылдан 1998 жылға дейін Алматы облысы, Ақсу ауданы тұтынушылар қоғамында бухгалтер, халық бақылау комитетінің төрағасы, сауда орталығының директоры болып жұмыс атқарды.
1998 жылдан Ақсу ауданы әкімінің экономика комитетінің маманы, бас маманы, экономика комитетінің төрағасы болып жұмыс жасады.
2003-2004 жылдар аралығында Алматы облысы, Ақсу ауданы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарды.
2004-2005 жылдар аралығында Алматы облысы, Ақсу ауданы әкімінің ауылшаруашылық бөлімінің бас маман менеджері, 2005 жылдың наурыз айынан 2008 жылдың наурыз айына дейін Алматы облысы, Ақсу аудандық Мәслихаттың бас маманы қызметін атқарды
2008 жылдың 19 наурызынан қазіргі уақытқа дейін Ақсу ауданы әкімі аппаратының жетекшісі қызметін атқарып келеді.