Валюта бағамдары

АҚШ доллары
 
147.72
Евро
 
187.46
Ресей рублі
 
4.71




Ауа-райы

Астана
 
+20
Алматы
 
+11




Дауыс беру

 



Алматы облысының құрметті азаматы

“Алматы облысының құрметті азаматы” атағының иегерлері

 

Сақауова Бәтима Есболатқызы 1926 жылы Жансүгіров поселкесіне қарасты Шадай жерінде дүниеге келген.
1945 жылы Қапал педагогикалық училищесін бітіріп, еңбек жолын Қапал орта мектебінде мұғалім болудан бастаған. 1946-51 жылдары Қапал аудандық партия комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі болады.
1951-53 ж. Қапал аудандық еңбекшілер депутаттары Қеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды.  1956 ж. Республикалық және  1959 ж. СОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғарғы Партия мектептерін бітірген. 
1957-59 ж. Талдықорған қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1959-64 ж. Ақсу аудандық партия комитетінің хатшысы және екінші хатшысы қызметтерін атқарған. 1964-68 ж. Гвардия аудандық Кеңесінің атқару комитетінің төрайымы. 1968-82 ж. Талдықорған облыстық Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары  болды.
1982 жылдан дербес зейнеткер. СОКП-ның ХХIII съезінің, мұғалімдердің Бүкілодақтық I-II съездерінің делегаты.
3 мәрте  «Құрмет белгісі» орденімен, 7 медальдармен, 2 рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.
Бәтима Есболатқызы барлық саналы өмірін Жетісу елінің экономикасы мен мәдениетінің өсуіне арнады. Туған Ақсу жеріне сіңірген еңбегі де ерекше. Мектептер мен балабақшалар, аудандық аурухана, кәсіптік - әлеуметтік, білім беру, денсаулық сақтау салаларының материалдық – техникалық базаларының нығайып, аудан кадрларының өсуіне көп еңбек сіңірді. Қазіргі кезде облыстың қоғамдық жұмыстарына белсене араласуда.
Ақсу ауданының және Талдықорған қаласының құрметті азаматы.

 

Далбағаев Егеубек Даданбекұлы 1931 жылы Кеңқарын ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы педагогикалық институтын бітіріп, еңбек жолын 1953 жылы Қаратал ауданының Тастөбе ауылында мұғалім болудан бастайды. Одан кейін аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, білім бөлімінің бастығы, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарады. Көксу аудандық және Талдықорған облыстық партия комитеттерінің ұйымдастыру бөлімдерінің меңгерушісі болады. Егеубек Даданбекұлы облыстық мәдениет басқармасының бастығы болған жылдары ел игілігіне арналған көптеген жақсы істердің ұйымдастырушысы болды. Облыс аудандарында көптеген мәдениет үйлері, клубтар, кітапханалар жаңадан пайдалануға берілді. Сол жылдары Талдықорған қаласындағы облыстық драма театры, Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапхана, М.Тынышпаев атындағы мұражай, І.Жансүгіровтың әдеби мұражайы, Шоқан Уалиханов, Ақын Сара, Мұқан Төлебаевтарға арналған мұражайлар ашылды.
Жетісу өлкесінің музыкалық мұрасының өркендеуіне де көп еңбек сіңірді. Облыстық филармония жанынан құрамында 40 адамы бар М.Төлебаев атындағы ұлт аспаптар оркестрі құрылып, оннан аса өнер ұжымдары «Халықтық» атауға ие болды.
Зейнет демалысына шыққаннан кейін де қоғамға пайдалы іс жасаудан жалыққан емес.1997 жылы облыстық Ардагерлер кеңесі бастығының орынбасары, ал 2001 жылдан бері осы ұйымды басқарып келеді. Е.Далғабаевтың ұсыныс-бастамаларымен ардагер- қариялардың емделіп, сауығуы мақсатында «Ардагер» бөлімшесі ашылды. Ұлы Жеңістің 60 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жетісу ардагерлері» кітабын шығарды.
Е.Далбағаев «Құрмет белгісі», «Қызыл Ту» және тәуелсіз Қазақстанның «Құрмет» ордендерінің иегері, КСРО мәдениетінің үздігі.

 


Тұрғанбеков Асылмұрат 1940 жылы Басқан ауылында туған. Чапаев атындағы  орта мектепті бітіргеннен кейін Қапал ауданына қарасты “Арасан” колхозында тракторшы, электромонтер, Лепсі шеге зауытында шеге жасаушы болып жұмыс істеді.
1963 жылы Алматы зооветеринарлық институтын бітіріп, Ақсу кеңшар- ұжымшар өндірістік басқармасында ұйымдастырушы инспектор, Абай атындағы ұжымшарда  зоотехник болды.
1964 жылы Ақсу комсомол-жастарының  жетекшісі болып  сайланды,  1968-71 жылдары Қазақстан Орталық комсомол комитетінің аппаратында қызмет атқарды.
1978-83 жылдары Андреев аудандық депутаттар атқару комитеті Кеңесінің төрағасы болып істесе, 1983 жылы Талдықорған облыстық ауылшаруашылық басқармасының бастығы болып тағайындалды. 1985 жылы Талдықорған аудандық партия комитетінің бірінші хатшылығына сайланды. Осы жылы Алматы Жоғарғы партия мектебін бітірді.
1987-92 жылдар аралығында Панфилов аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, аудандық депутаттар Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. 1992 жылы Талдықорған облыстық  әкімшілік басшысының орынбасары болып тағайындалды. 1993-95 жылдары Бөрлітөбе, 1995-97 жылдары Қапал аудандарының әкімі, ал 1997 жылы Қапал ауданының таралуына байланысты Ақсу ауданы әкімінің бірінші орынбасары болды.
1998 жылы Алматы қаласы жер ресурстары жөніндегі комитет төрағасының бірінші орынбасары қызметіне  тағайындалды. 2004 жылдан “Алматыгор НПЦ зем” ДГП мемлекеттік мекемесі  директорының орынбасары.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 12-ші шақырылымында депутат болып сайланған. “Құрмет”, “Халықтар достығы”, “Құрмет белгісі” ордендері мен  екі рет “Еңбектегі ерлігі үшін” медальімен марапатталған.
Ескелді, Ақсу аудандарының құрметті азаматы.  

 

Шүрегеев Сейдахмет Балтабайұлы 1940 жылы Ақсу ауылында дүниеге келген. Ресейдің Кемеров қаласындағы техникалық училищесін, Өскемен жол құрылысы институтын жол қатынасы инженері мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Жамбыл атындағы ұжымшарда электрик, жүргізушіден бастады. 1961-68 жылдары аудандық Ақсу жол пайдалану учаскесінде жүргізуші, аға механик болып жұмыс істеп, 1964 жылы осы аудандық жол мекемесінің бастығы болып тағайындалды.
1968-73 жылдары облыстық жол басқармасы өндірістік – жол лабораториясының бастығы, 1973-78 ж.ж. Қарабұлақ кентіндегі жол пайдалану құрылыс учаскесі қалалық жол басқармасының, 1979-92 ж.ж. №8 «Жол- көпір құрылысы» тресінің бастығы қызметтерін атқарды.
1992 жылдан осы уақытқа дейін “Ақжол” жабық акционерлік қоғамының президенті. Оның республика, облыс көлемінде автомобиль жолдарының сапалы салынуына, жөнделуіне қосқан үлесі үлкен. Лепсі ауылы жанындағы Көтен Тәуіп Қоңырбайұлының кесенесіне баратын асфальт жол салды.
Ақсу аудандық, Талдықорған қалалық кеңестерінің депутаты болған. 3 мәрте Алматы облыстық Мәслихатының депутаты.
“Еңбек Қызылту” ордені және “Еңбек ардагері”, “Құрметті жолшы” медальдарының иегері.

 

 


Зияданов Амантай 1941 жылы Ақсу ауданы Сүттіген ауылында туған. Білімі жоғары, 1965 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын малдәрігері мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1958 жылы Қызылтаң кеңшарында жұмысшы болып бастаған. 1965-72 жылдары «Қызылтаң» кеңшарының веттехнигі, бас мал дәрігері болып жұмыс істеді. 1972-74 жылдары аудандық мал дәрігерлік станциясының бастығы, 1974-76 жылдары Жансүгіров атындағы ұжымшар төрағасының орынбасары, 1976-78 жылдары аудандық бас мал дәрігері қызметтерін атқарды. 1978 жылдан үзбей «Жаңақоғам» кеңшарының директоры болып келді. 1996 жылдан бері «Ақсу» өндірістік кооперативі болып ауысқан сол шаруашылықтың  төрағасы. Бүкіл саналы өмірін кіндік қаны тамған жердің, елінің өсіп- өркендеуіне арнаған азамат, ел ағасы.
«Еңбектегі ерлігі үшін», «Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған. Алматы облыстық Мәслихаттың үш бірдей шақырылымдарының депутаты.





Аудан жаңалықтары
13 января
Алматы облысының прокуратурасында кәсіпкерлердің құқығын қорғау тобы құрылды.  
 
15 декабря
Сайлаушылар тізімін құру, өзектілігін нақтылау және өздеріңіздің төл құжаттағы анықтамаларды тексерту үшін Ақсу ауданы әкімдігі CALL-CENTER орталығын құрды


Республиканың жаңалықтары


Государственные ресурсы
              



Таратулар


Аппарата акима Аксуского района





Карта района







Сайт бойынша іздеу







 
2009-2012 © Информационный портал Аппарата акима Аксуского района
Сайтты өңдеу және қолдау: Интернет-компания «Creatida»