Валюта бағамдары

АҚШ доллары
 
341.61
Евро
 
410.27
Ресей рублі
 
5.9




Ауа-райы

Астана
 
+23
Алматы
 
+25




Дауыс беру

 









Легализация

Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» №959 қаулысына сәйкес Ақсу ауданы әкімдігінің 2014 жылы 02 қыркүйекте «Ақсу ауданы әкімдігі жанындағы мүлікті жария ету бойынша комиссияны  құру туралы» №509 қаулысы қабылданды.
Бүгінгі күнге Ақсу ауданы бойынша барлығы 5 (бес) өтініш комиссия қарауына түсті. Оның ішінде: 1 өтініш қанағаттандырылып комиссия жария етуге шешім қабылдады. 4 өтініш комиссия шешімі негізінде және жоғарыдағы Заңның 2, 3 және 7, 10, 11 баптарына сәйкес қанағатитандырусыз қалдырылды.
1. Жария етуге мынадай мүлік:
1) ақша;
2) бағалы қағаздар;
3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі – қатысу үлесі);
4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);
5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);
6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.
2. Мынадай мүліктер:
1) жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне, мемлекеттің конституциялық құрылысының негiздерi мен қауiпсiздiгiне, меншiкке, ақпараттық технологиялар қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және имандылыққа, басқару тәртібіне, сот төрелігіне және жазаларды орындау тәртібіне қарсы қылмыстарды жасау;
2) экологиялық, көліктік, әскери қылмыстарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы өзге де қылмыстарды, экономикалық қызмет (осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда), оның ішінде экономикалық контрабанда саласындағы қылмыстарды жасау;
3) жалған ақша мен бағалы қағаздар жасау және өткiзу, жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу;
4) инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану және бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау нәтижесiнде алынған мүлік жария етуге жатпайды.
3. Сонымен қатар:
1) сот тәртiбiмен оған құқықтар дауланып жатқан;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында оған құқықтар беруге жол берiлмейтiн мүлік;
3) кредиттер ретiнде алынған ақша;
4) мемлекет пайдасына берілуге жататын мүлік;
5) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде құрылысы бюджет қаражаты есебінен аяқталған жылжымайтын мүлік объектілеріндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар жария етуге жатпайды.
4. Осы Заңның мақсаты үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік болып айқындалатын мүлікке ұқсас мүлік Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік болып танылады.





Аудан жаңалықтары
18 сентября
      Қазақстан   тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатын нақтылап,бүгінде бүкіл әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналып келеді.  2014
 
18 сентября
Елбасының  «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: Рухани  жаңғыру»  атты мақаласы - мемлекеттің болашағы жайында толғамға толы, тың көзқарастарға негізделген. 
8 сентября
Әр ұрпақтың өз арманы бар, оларда тек жеке және отбасылық игіліктерге ғана ұмытылыс көрініс таппайды. Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы
 
8 сентября
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында қойылған тапсырмаларының бірі – «Салық саясатын бизнестің «көлеңкеден» шығуына бейімдеп, шикізаттық
8 сентября
Қылмыстардың ішінде сыбайлас жемқорлық қоғамымыздағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі таңда елімізде сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық сияқты
 
8 сентября
      Дара кәсіпкерқызметінтоқтатутуралышешімқабылданғанкүнненбастапбір ай ішіндеөзініңорналасқанжерібойыншасалықорганынабірмезгілде:       1) құжаттықтексеружүргізутуралысалықтықөтінішті;       2) таратудыңсалықесептілігінұсынады.
28 августа
1. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Мемлекеттік органдардың басшылары мен
 
28 августа
      Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не
28 августа
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес:       1) барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдiгi;       2) мемлекеттiк органдардың қызметiн анық құқықтық регламенттеудi,
 
28 августа
1. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 670, 671 және 672-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.


Республиканың жаңалықтары



Государственные ресурсы
              




Таратулар


Аппарата акима Аксуского района





Карта района







Сайт бойынша іздеу









  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Электронное правительство Республики Казахстан
  • Программа «Доступное жилье – 2020»
  • Жилстройбсербанк Казахстана
  • Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
  • Агентство Республики Казахстан по защите конкуренции
  • Суд Евразийского экономического сообщества
  • Министерство регионального развития РК
  • Народное IPO
  • Министерствo труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
  • Программа занятости 2020
  • База данных нормативных правовых актов
  • Правовая информационная служба
  • Официальный сайт Парламента Республики Казахстан
  • Министерство внутренних дел Республики Казахстан
  • Министерство юстиции Республики Казахстан
  • Агентство по делам государственной службы
  • Правительство Республики Казахстан
  • Акционерное общество "Казконтент"
 
2009-2017 © Информационный портал Аппарата акима Аксуского района
Сайтты өңдеу және қолдау: Интернет-компания «Creatida»