Ақсу ауданына - 80 жыл!
 

Валюта бағамдары

АҚШ доллары
 
148.59
Евро
 
197.21
Ресей рублі
 
5.00




Ауа-райы

Астана
 
-23
Алматы
 
-18




Дауыс беру

 




Әкімінің халық алдыңдағы есебі



 

Аудан әкімі Ә.Дүйсембаевтың 2009 жылы атқарылған жұмыстар бойынша аудан халқы алдындағы

ЕСЕБІ

Құрметті аудан тұрғындары!

 

Ауданды әлеуметтік экономикалық дамыту мақсатында 2009 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, осы уақытта менің басқаруыммен жұмыс жасаған жергілікті атқарушы органдармен қол жеткізілген жетістіктер мен шешімін таппай отырған мәселелер және алдағы уақытта атқарылуға тиісті негізгі міндеттер жөнінде Сіздерді хабардар етуге рұқсат етіңіздер.

Есепті уақытта өз қызметімде, мен аудан экономикасының серпінді дамуын, аудан халқының әлеуметтік қорғалуын, ауданның ішкі саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, негізгі міндеттер ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан Халқына Жолдауының, «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының, «Нұр Отан»  Халықтық демократиялық партиясының Халықтық платформасының және басқа да Елбасы мен Үкіметтің тапсырмаларын орындауға бағытталған жоғары органдардан түскен құжаттардың жүзеге асырылуына ерекше назар аудардым.

 

Аудан, округ әкімдерімен 2008 жылы атқарылған жұмыстар қорытындылары бойынша 2009 жылғы қаңтар айында өткізілген есепті кездесулер барысында жергілікті тұрғындардың тарапынан түскен ұсыныстардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес былтыр төмендегі жұмыстар атқарылды:  

 

Ақсу ауылдық округі бойынша:

Төтенше жағдайларға берілген қаражат есебінен бөлінген 4 млн. 999 мың теңгеге  Казсельхозтехника және Ақсу елді мекендері арасындағы аспалы көпір жөнделді.

 

Жансүгіров поселкелік округі бойынша:

 

Жансүгіров поселкесіндегі М.Әуезов атындағы көшесі күрделі жөндеуден өткізілді.

Жансүгіров поселкесіндегі ауыз су құбырларының 60 шақырым су жүйелерін жөндеу мақсатында 121 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар басталды.

«Ақын Сара» мәдениет үйін жөндеу жұмыстарынан өткізу және ішінен өнер мектебін ашу үшін 75 млн.теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары ағымды жылы басталады.

«Қарлығаш» балабақшасын күрделі жөндеуден өткізу мақсатында «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес 45 млн.теңге бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

 

 Қарасу ауылдық округі бойынша:

 

Кенжыра ауылының тұрғыны, оралман Ә.Шапағаттың ауылшаруашылық дақылдардың себу көлемін ұлғайту үшін қосымша жер беру туралы өтінішіне орай  22 гектар жер уақытша пайдалануға берілді.

 

Қарашілік ауылдық округі бойынша:

 

Сағакүрес ауылында мамыр айында дәріхана ашылып, жергілікті халыққа қызмет көрсетуде.

 

Матай поселкелік округі бойынша:

 

Матай поселкелік ауруханасындағы дәрігерлердің штаттық бірліктерін толықтыру мақсатында қосымша 22 штат бірліктері және жедел жәрдем көлігі беріліп, ультра дыбыстық зерттеу құрал жабдығымен қамтамасыз  етілді;

Матай поселкесіндегі  мектептің өртеніп кеткен бөлігі 117 млн. теңгеге жаңадан салынады.

Қапал және Көшкентал ауылдық округтеріндегі Е.Жайсанбаев және Көшкентал орта мектептерінің шатырлары тиісінше 10 млн. және 11 млн. 600 мың теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді.

Суықсай ауылдық округі бойынша: Суықсай-Жансүгіров елді мекендер арасындағы  автокөлік жолы күрделі жөндеуден өткізілді.

 

Қызылағаш ауылдық округі бойынша:

 

Қызылағаш елді мекеніндегі Достық көшесін абаттандыру 2010 жылдың жоспарына енгізілді.

 

Ойтоған ауылдық округі бойынша:

 

«Кіші бұрған» каналының автокөлік жолынан өтетін көпірдің асты тазартылды.

 

2009 жылғы 13 қарашада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атына халықпен тікелей желідегі сұхбаты кезінде аудан тұрғындарынан 25 сауал мен өтініштер түскен болатын, олардың 1-і жер, 3-і білім беру, 1-і денсаулық сақтау, 2-і оралмандардың орналасуы, 8-і әлеуметтік қамсыздандыру, 2-і жолаушылар көлігі мен жолдар, 3-і құқықтық тәртіп пен заңдылықты сақтау және 5-і басқа мәселелер бойынша. Жылдың қорытындысы бойынша 22 өтініш пен сауалға немесе түскен өтініштер мен сауалдардың  88 пайызы бойынша тиісті шаралар қабылданып, оларда көтерілген мәселелер шешілді, қалған 2 сұрақ бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 1 сұрақ заңмен белгіленген тәртіпте шешілетін болады. Барлық өтініштер мен сұрақтар бойынша толыққанды жауаптар берілілді.

 

Өнеркәсіп саласында 2009 жылы өндірілген өнімнің көлемі 1 млрд. 822 млн. теңгені құрап, өсім 128 пайызды құрады.

Есепті кезеңде ауданда жаңадан ашылған өнеркәсіп обьектілерінің саны 3, жұмыспен қамтамасыз етілген  адамдар саны 25.

 

Шағын бизнес, сауда және қызмет саласында

Ауданның орта мерізімді әлеуметтік экономикалық даму бағдарламасына сәйкес 2009 жылы шағын кәсіпкерлер субъектілерінің санын 2908 бірлікке, өнеркәсіп өнімдерінің және көрсетілетін қызмет көлемін 567,8 млн.теңгеге, жұмыспен қамтылатын адам санын 7700-ге, бюджетке түсетін салық түсімдерін 33,0 млн.теңгеге дейін жеткізу жоспарланған болатын.

2009 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімдерінің және көрсетілген қызмет көлемі 676 млн.теңгені құрап жоспар 119 пайызға орындалды, жұмыспен қамтылған адам саны 7700-ге жеткізіліп жоспар 100 пайызға, бюджетке түскен салық түсімдері 34,0 млн.теңге 100 пайызға орындалды.

2009 жылы нақты тартылған инвестиция көлемі 976 млн. 200 мың теңгені құрады, оның ішінде өз қаражаты есебінен 238 млн. 100 мың теңге, заемдық қаражаты есебінен 61 млн. 400 мың теңге, жергілікті бюджет есебінен 498 млн. 700 мың теңге, республикалық бюджет есебінен 178 млн. теңге.

Аудан экономикасының серпінді дамуына негіз бола алатын инвестицияларды тарту арқылы жаңа өндірістерді ашу мәселесіне ерекше назар аударылуда. Аудан орталығы Жансүгіров поселкесінде бүгінгі күннің талабына сай 300 орындық «Ақ Нар» мейрамханасы салынып, іске қосылды, 12 жаңа жұмыс орны ашылды, 8 млн. теңге инвестиция тартылды.

2010 жылы Қапал ауылында «Алтын Дала» ЖШС-нің көмегімен ауданда астық, жүгері өсіру және оларды өңдеу цехтарын және шұжық шығаратын цех ашу жоспарлануда. 

Сауда және қызмет көрсету жүйесінде өткен жылы аудан бойынша 218 дүкен, 2 базар, 17 асхана, 4 аяқ киім жөндеу орны, 1 жиғазды жөндеу орны, 8 шәштараз, 1 тұрмыс техникасын жөндеу орны, 4 ателье, 1 қоғамдық монша, 2 фотосалон, 1 компьютерлік қызмет көрсету орны, 1 компьютер ойнау орны, 4 нотариус, 1 автокөлік жұу орны, 11 жанар жағар май стансасы, 2 көлік жөндеу орталығы, 1 биллиард клубы, 1 түнгі клуб жұмыс жасады.

 

Ауданда нан және әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру мақсатында 2008 жылы 03 наурызда менің өкіміммен арнайы штабы құрылды. Штаб мүшелері  аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен семинар - кеңес өткізілді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын реттеу штабы отырысында шағын наубайхана иелерімен нанды өткізу бағасы белгіленіп, нақты шаралардың арқасында қазіргі уақытта дүкендерде нанның бағасы 40 теңгені құрайды, сауда орындарына аптасына екі рет зертеулер жүргізіледі. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне ай сайын мониторинг және талдау жұмыстары, апта сайын әлеуметтік маңызы бар тауар түрлерінің орташа бағасына мониторинг жүргізіліп отыр. 

 

Ауданның сауда және қызмет көрсету саласында өткен жылы өндіріске барлығы 6 нысан енгізіліп, 18 адам жұмыспен қамтылды. Олардың ішінде: 3 дүкен (Жансүгіров поселкесінде – 2 және  Арасан ауылында -1) жұмыспен қамтылғандардың саны 6, Жансүгіров поселкесінде ашылған 1 асханада 5 адам жұмыспен қамтылды, Қапал, Қаракөз ауылдарында іске қосылған 2 шағын наубайхана - 7 жаңа жұмыс орны ашылды.  

Ақсу ауданы аймағында 2009 жылы қараша айынан бастап азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету және жеміс, көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында, аудан орталығы Жансүгіров поселкесінде жеті сайын  ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп келеді.

 

Салық және басқа да бюджетке төленетін төлемдердің жоспарының орындалуы.

2009 жылға арналған болжамға сәйкес аудан бойынша бюджетке 453 млн. 118 мың теңге түсуі жоспарланған, жыл қорытындысы бойынша  493 млн. 625 мың теңге түсіп орындалуы 108,9 пайызды құрады, оның ішінде жергілікті бюджетке болжамға сәйкес 397 млн. 94 мың теңге түсуге тиісті болса нақты түскені  424 млн. 75 мың теңге немесе 107 пайыз, республикалық бюджетке болжамға сәйкес 56 млн. 24 мың теңге түсуге тиісті болса нақты түскені 68 млн. 880 мың теңге немесе 122,9 пайыз.

   

Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы.

Бюджеттің игерілуге тиіс шығыс бөлігінде өткен жылдың басында 2 млрд. 399 млн. 753 мың теңге көлеміндегі қаражат қарастырылса, жыл қорытындысы бойынша оның орындалуы 2 млрд. 398 млн. 654 мың теңгені немесе 100 пайызды құрады.

Аудан бюджетінің шығыс бөлігі биылғы жылы 2 млрд. 399 млн. 753 мың теңгені құрап былтырғы жылғы бюджеттің шығыс бөлігінде қаралған қаражаттан 663 млн. 759 мың теңгеге немесе 138,2 пайызға өсті.

Аудан бойынша мемлекеттік сатып алулар 52,6 пайызға Веб – портал жүйесі арқылы жүзеге асырылып, жоспар еесепті кезеңде 2,6 пайызға артығымен орындалды.

 

Ауылшарушылығы

Бүгінгі күнге ауданда 36400 адам тұрса, олардың  ішіндегі еңбекке жарамдысы 21000 өз ретінде осылардың ішіндегі 10868 адам немесе 51,7 пайызы ауылшаруашылығы саласындағы 2475 шаруа қожалықтарында, 32 шаруа құрылымдарында, 45  ауылшаруашылық өнімін қайта өндеу цехтарында жұмыс жасайды.

2009 жылы салада жоспарға сәйкес  7 млрд. 578 млн. теңгені құрайтын өнім өндіру жоспарланған, жылдың қорытындысы бойынша жалпы 8 млрд. 261 млн. 600 мың теңгені құрайтын өнім өндіріліп жоспар 109 пайызға орындалды.

Ауданның аграрлық секторына мемлекет тарапынан 2009 жылы ауылшаруашылығы саласына берілген қаржы 271 млн. 66 мың теңгені құрады, оның ішінде: егін шаруашылығына көктемгі егіс жұмыстары үшін 158 млн. 177 мың теңге субсидия, бруцеллез ауруынан жойылған малдардың иелеріне өтемақы төлеу үшін 4 млн. 309 мың теңге, 053 «Эпизодияға қарсы»  бағдарламасы бойынша био препараттарды қолдану қызметіне 50 млн. 262 мың теңге және био препараттарды сақтау қызметіне 116 мың теңге, ірі қара малын қолдан ұрықтандыруға 2 млн. 675 мың теңге, сүт зауыттарына өткізілген сүттің өзіндік құнын арзандатуға  10 млн. 325 мың теңге, ет өнімдеріне 738 мың, жүн өніміне 2 млн. 293 мың теңге, репродукциялы бидай тұқымын сатқаны үшін  7 млн. 491 мың теңге, 62,9 гектарға алма бақтарын өсіру үшін 26 млн. 761 мың теңге субсидия болінді.

 

Егін шаруашылығы

Аудан бойынша барлық игерілетін жер көлемі 83 мың 614 гектар болса, оның ішінде 37 мың 767 гектары суармалы, 45 мың 847 гектары тәлім жер. Әлеуметтік даму бағдарламасына сәйкес 2009 жылы барлығы 58 мың 907 гектар жер игерілді, оның 49 мың 750 гектарына ауылшаруашылық дақылдары себіліп, 9 мың 200 гектар жерге қара пар жыртылды.

Себілген 49 мың 750 гектар алқаптың 30 мың 200 гектарына дәнді дақылдар, 3 мың 500 гектарына қант қызылшасы, 8 мың 901 гектарына майлы дақылдар,  2 мың 226 гектарына картоп, көкөніс, бақша және 4 мың 903 гектарына мал азығы дақылдары себілді.

Егін шаруашылығының өнімділігіне тоқталатын болсақ есепті кезеңде 30 мың 200 гектарға себілген дәнді дақылдардан орташа есеппен әр гектарынан 21 центнерден 63 мың 420 тонна астық, 8 мың 921 мың гектар алқапқа себілген майлы дақылдардан әр гектарынан 15,1 центнерден 13 мың 481 тонна майлы дақылдар, 3 мың 500 гектарға себілген қант қызылшасынан әр гектарынан 171,1 центнерден барлығы 40 мың тонна қант қызылшасы өсіріліп алынды.  

 

 

 Қант қызылшасы

Жоғары айтқанымдай, есепті кезеңде аудан бойынша жалпы көлемі 3 мың 500 гектар қант қызылшасы себіліп, 40 мың тонна өнім алынып,  өндеуге 22000 тонна қант қызылшасы жөнелтілді оның ішінде 13986 тонна «Көксу Шекер» қант зауытына және 8014 тонна «Ақсу Қант» зауытының қабылдау орнына өткізілді.

Мемлекет тарапынан ауданның шаруашылық субъектілерінін қант қызылшасын «Көксу Қант» зауытына тасымалдау шығындарын жабу үшін 7 млн. 869 мың теңге көлемінде қайтарылымсыз көмек көрсетілді.

2010 жылдың өніміне былтыр аудан бойынша 1500 гектар терең сүдігер жыртылып, жоспар 100 пайызға орындалды.

                                                                                       

Тұқым шаруашылығы.

Аудан бойынша барлық игерілетін жердің 61 пайызында себілетін астық дәнді дақылдарының сапасын арттыру үшін 5 тұқым өсіретін шаруашылықтар жұмыс жасауда, олар 2009 жылы 270 тонна күздіктің, 149 тонна жаздық бидай мен 317 тонна жаздық арпаның  репродукциялы тұқымдарымен аудан шаруашылықтарын арзан бағамен қамтамасыз етті.

2010 жылы «Қыдырәлі» шаруа қожалығының негізінде элиталық тұқым өсіретін шаруашылық ашуға бағытталған жұмыс жүргізілуде.

2009 жылдың өніміне Қапал ауылдық округінде «Алтын Дала Групп»  және «Ақсу МТС Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері 5000 гектарға нөлдік технология бойынша дәнді дақылдар септі.

          Осы технологияны пайдалану барысында жер жырту, тырмалау, тегістеу және тұқым себу операциялары бір мезгілде жүргізіліп қысқа мерзімде жердің ылғалын тиімді пайдалана отырып егін себу науқаның жылдам аяқтауға қол жеткізілді.

 

Жылыжай  шараушылығы

Көкөніс бағасын ерте көктем мен қыс айларында  тұрақтандыру мақсатында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ауданда 17 жылыжай салу жоспарланған, бүгінгі таңда Жансүгіров поселкелік және Қызылағаш ауылдық округтерінде жалпы көлемі 1170 шаршы метрлік 2 жылыжай іске қосылып оларда 7 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, ауданда қазіргі уақытта 6 жылыжайдың құрылысы жүргізілуде.

2010 жылы ауданда қосымша  3 жылыжай салынады.

 

 Су шаруашылығы

     Аудандағы барлық суарылатын  34 мың 200 гектар суармалы жердің 21 мың гектары «Ақсу ирригектарция» мекемесі,  6 мың 500 гектары «Сарқандирригектарция» су шаруашылығы мекемесі, 6 мың 700 гектары Бүйен, Қызылағаш, Қарасу ішкі  шаруашылық жүйелері және тұмалар арқылы сумен қамтамасыз етіледі.                                                                                        Есепті жылы аудан бойынша 237 тұлға келісім шартқа отырып, 56 млн текше метр су пайдаланды. Су құнының 25 пайызы өкімет есебінен дотацияланды.        Аудан бойынша 2009 жылы 16 су пайдаланушылар кооперативін құру жоспарланса бүгінгі күнге олар Қарасу, Қызылағаш, Қызылту ауылдық окруктерінде құрылды, қалған округтерде осы сияқты кооперативтерді құру жұмысы үстіміздегі жылы жалғастырылады. 

Мал басының саны өткен жылмен салыстырғанда барлық түрлерінен өсті, оның ішінде: ірі қара малы 56 мың 25 бастан 56 мың 843 басқа дейін (101,46 пайызға), оның ішінде сиыр 22 мың 92  бастан 22 мың 644 басқа дейін (102,50 пайызға), қой ешкі 264 мың 945 бастан 273 мың 567 басқа дейін (103,25 пайызға), жылқы 17 мың 379 бастан 17 мың 600 басқа дейін (101,27 пайызға), шошқа 533 бастан 575 басқа дейін (107,83 пайызға), үй құстары 174 мың 432 бастан 178 мың 948 басқа дейін (102,6 пайызға) көбейді.

Мал шаруашылығын өркендету мақсатында өкімет тарапынан 70 млн 763 мың тенге  қайтарымсыз көмектер көрсетілді.

  

Ветеринария саласы.

2009 жылдың қорытындылары бойынша «Эпизоотияға қарсы шараларды жүргізу» бағдарламасына сәйкес жоспарланған жануарлардың аса қауіпті 12 жұқпалы ауруларына қарсы шаралар толығымен орындалды, осы мақсатта республикалық бюджеттен бөлінген 50 млн. 263 мың теңге толығымен игерілді.

Есепті кезеңде бруцеллезға шалдыққан 446 мал басы анықталды, оның ішінде: ірі қара – 40, ұсақ мүйізді мал 426, 2008 жылмен салыстырғанда бруцеллезге шалдыққан ірі қара малының саны 21 басқа өскен болса, ұсақ мүйізді мал ішінде керісінше 249 басқа кеміді.

2009 жылы бруцеллезге шалдыққан адамдар саны 25, 2008 жылмен салыстырғанда 15 адамға кеміді.

 Бруцеллездің ауданда таралуының негізгі себептері мал иелерінің бір жерден, екінші жерге малды алып барып қосудан, жаңадан сатып алынған мал туралы ветеринариялық мамандарға хабарламаудан, мал арасында іш тастау фактілерін ветеринариялық мамандарға хабарламаудан, ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және елді мекендерді иесіз иттерді жою жұмыстарының тиісті деңгейде ұйымдастырылмағандықтан туындап отыр. Осыған байланысты ветеринария саласындағы заң бұзушылықтарға жол берген мал иелеріне 23 әкімшілік іс қозғалып 58926 мың теңге көлеміндегі айыппұлдар салынды.

Жұқпалы аурулардың одан әрі таралуын болдырмау мақсатында аудан әкімдігінің қаулыларымен ауру анықталған аулаларға шектеулер қойылып, тиісті сауықтыру шаралары мерзімінде қолданылды.

Тамақ қаупсіздігін, малдан адамға жұғатын аурулардың алдын алу үшін Ветеринария саласындағы заңдарға өзгерістер енгізіліп ағымды жылдан бастап сойылып сатылатын  мал  тек арнаулы орындарында ғана сойылуға тиісті. Осындай аудан бойынша алғашқы мал сою орнының құрылысын биыл Жансүгіров поселкесінде «Астана Агро Продукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізеді.

 

Мал тұқымын асылдандыру.

Аудан бойынша мал тұқымын асылдандырумен «Николай К» шаруа қожалығы айналысады, бүгінгі таңда аталған шаруашылық «Австралиялық» тұқымдас биязы жүнді қойлар мен «Алатау» тұқымдас ірі қараны өсіреді.

 

Малды қолдан ұрықтандыру

Есепті мерзімде ауданда қолдан ұрықтандырылған малдың саны 8542 басқа жеткізіліп, жоспар 102 пайызға орындалды.

 

 Жер ресурстары.

2009 жылы барлық игерілетін жердің 24 664 гектары немесе 29 пайызы әр түрлі себептермен игерілмей қалды. Оның ішінде 5 268 гектары суғармалы жер, 19 396 гектар тәлім жер. Жер – ел байлығы, ұлт қазынасы. Олай болса ұлт мәселесі ретінде жердің толыққанды игерілуі мәселесіне дұрыс қарауымыз  керек. Бұл мәселе үстіміздегі жылы да назардан тыс қалдырылмайды, ауданның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін біз барлық бос, иесіз жатқан жерді қолданысқа енгізілуін қамтамасыз етуге міндеттіміз, себебі осыдан 10 – 15 жыл бұрын ауданда дәнді дақылдар себілген жердің көлемі 32 мың гектарды, қант қызылшасы себілген жердің көлемі 6 мың гектарды құраса, пар астына жыртылатын ердің көлемі 20 мың гектардан асып түсетін.

 

Сүттің жиналуын ұйымдастыру

Аудан бойынша сүтті жинап, оның өнделуін қамтамасыз ету аудан экономикасының дамуы, жергілікті жерлерде халықтың қаржымен қамтамасыз етілуі үшін өте маңызды мәселелердің бірі. Бүгінгі таңда ауданда сүттің жиналуымен «Ақсу сүт» тұтынушылар кооперативі айналысады, аталған кооперативпен 2009 жылы 791 тонна сүт жиналып, сүтті өткізушілерге 23 млн. 730 мың теңге көлеміндегі қаражат төленді. Бұл өте қанағаттанғысыз көрсеткіш, ауданның Жансүгіров, Қаракөз, Қарашілік округтерінде жиналатын сүттің көлемі азайып кетсе, Ойтоған, Қызылту ауылдық округтерінде бұл жұмыс мүлдем тоқтатылды. Қапал, Көшкентал, Арасан, Суықсай ауылдық округтерінде сүттің жиналуы қамтамасыз етілмегендіктен мемлекет тарапынан осы мақсатта бөлінген 10 млн. 325 мың теңге көлеміндегі субсидиялық қаражаттың 3 млн. 255 мың теңгесі мүлдем игерілмей  қалды.

 

Ауылшаруашылына жаңа технологияларды енгізу жұмысы барысында былтыр ылғал сақтау технологиясы 5000 гектар жерге қолданылып, жоспар қажетті техниканың жетіспеушілігіне байланысты 71,4 пайызға орындалды,  қазіргі уақытта Қарасу ауылдық округіндегі «Дидар» шаруа қожалығы корей технологиясымен тамышылатып суғару әдісімен суарылатын жылыжай салып жатыр, жоспарға сәйкес биыл «Ақсу МТС Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тамшылатып суару әдісі бойынша игеру үшін Қызылту ауылдық округінде 350 гектар жер берілді.

 

2009 жылы күздік бидайды себу жұмыстары өз деңгейінде жүргізілілмегеннің салдарынан жоспар 57,2 пайызға ғана орындалды, нақты айтқанда Қарашілік ауылдық округінде 1000 гектардық орнына 319 гектар себіліп жоспар 31,9 пайызға, Жансүгіров поселкелік округінде 1400 гектардың орнына 585 гектар себіліп жоспар 41,8 пайызға, Ақсу ауылдық округінде 1200 гектардың орнына 502 гектар себіліп жоспар 41,8 пайызға, Қаракөз ауылдық округінде 800 гектардың орнына 171 гектар себіліп жоспар 21,4 пайызға,  Көшкентал ауылдық округінде 1250 гектардың орнына 215 гектар себіліп жоспар 17,2 пайызға, Арасан ауылдық округінде 1950 гектардың орнына 970 гектар себіліп жоспар 49,7 пайызға,  Қызылағаш ауылдық округінде 1200 гектардың орнына 540 гектар себіліп жоспар 45 пайызға орындалды.

 Ауылшауаршылық дақылдарын міндетті сақтандыру жұмысы да өз деңгейінде ұйымдастырылмай отыр, бүгінгі күнге 16 мың гектардың орнына тек 6665 гектар жерге себілген ауылшаруашылығ дақылдарына ғана міндетті сақтандыру келісім шарттары жасалды.

Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорынан ауылда тұратын жағдайы төмен отбасыларына мал сатып алу үшін 4 жылдың ішінде 72 млн. 195 мың теңге бөлініп оның 9 млн. 276 мың теңге көлеміндегі бөлігі мерзімі қайтарылмай қалғандықтан, 2009 жылы несие ретінде ауылшаруашылығы субъектілеріне барлығы 2 млн. 400 мың теңге ғана бөлінді, өз ретінде оның құрамындағы 2 млн. теңге  жылыжай  салу үшін бөлінді.

 

  Білім саласы

Ауданның білім саласының жұмысы Қазақстан Республикасының 2005 – 2010 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына бағытталған.

Аудандағы 28 орта, 7 негізгі, 6 бастауыш және 1 саз мектебінде жалпы саны 6817 оқушы білім алып 1066  мұғалім дәріс беруде, олардың 917-і жоғары, 40-і аяқталмаған жоғары, 98–і арнаулы орта білімді және 11-і орта білімді  мамандар.

37 мектеп дүниежүзілік интернет ақпараттық жүйесіне қосылған.

  Балалардың білім алуына жағдай жасау мақсатында  заман талабына сай 8 мектепте мультимедиялық-лингофонды кабинет, 5 мектепте он-лайн режимінде жұмыс істейтін интерактивті кабинет, 8 мектепте физика, 3 мектепте биология кабинеттері қосымша интерактивті тақталармен жабдықталған.

 Есепті кезеңде Егінсу, Көшкентал орта мектептеріне  мультимедиялық-лингофонды кабинет, Т.Тоқтаров, Ш.Уәлиханов атындағы орта, Қаракемер  мектептеріне  биология кабинеттері алынды.

  2008 – 2009 оқу жылында білім саласына қосымша 136 жаңа компьютер алынып мектептердегі компьютерлердің саны 709-ға жеткізілді, қазіргі уақыттағы аудан бойынша оқушылардың компьютермен қамтамасыз етілуі 1 компьютерге 9,7 баладан келеді.

Сонымен қатар, мектептерге құны 25 млн. теңгені құрайтын жихаз алынды, Н.Есеболатов, Т.Тоқтаров атындағы және Қаракемер орта мектептерінің жылу жүйесі, Е.Жайсаңбаев атындағы, Көшкентал орта мектептерінің  шатырларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

«Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Н.Есеболатов атындағы орта мектебінің және «Қарлығаш» бала бақшасының ғимараттары   күрделі жөндеуден өткізілді.

 Аудан бюджетінен 1-4 сынып оқушыларына ыстық сүт беру үшін 2,8 млн теңге бөлініп, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектеп гимназиясы, Ж.Сыдықов, Е.Сиқымов, Қ.Терібаев, Н.Есеболатов   атындағы және Қаракемер орта мектептерінде 687 оқушыға тегін ыстық сүт берілді.                                             

Материалдық жағынан аз қамтылған жанұя балаларына «Міндетті оқу қоры» арқылы көмек көрсетілуде, 2009 жылы осы мақсатта 10 млн. 690 мың теңге бөлінді.  Мектептер тарапынан  ұйымдастырылған «Қайырымдылық» акциясы арқылы 225 жеткіншекке материалдық көмек берілді.          

Ауданда қамқоршылық пен қорғаншылыққа алынған  68 бала есепте    тұр. Биылғы оқу жылында үш бала ата-анасының өтініші бойынша балалар үйіне, алты бала асырап алынып, төрт бала қорғаншылыққа, үш бала қамқоршылыққа алынды.

 Жыл сайын  ұйымдастырылатын  аудан әкімінің «Жасыл шырша» мерекесіне осы санаттағы балалар шақырылып,  қайырымдылық көмек алуда.

  Аудан бойынша оқушылардың білім сапасы 45 пайыз, жалпы үлгерімі 99,9 пайыз.

2007 – 2008 оқу жылында аудан бойынша орта мектепті 419 түлек бітіріп олардың 398-і немесе 94,7 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты.

2008 жылмен салыстырғанда Ұлттық бірыңғай тестілеудің  нәтижесі 2009 айтарлықтай жақсарып аудан бойынша орташа 78,5 балды құрады, былтырғы жылғы осы көрсеткіш 70,1 балл деңгейінен аспаған болатын.

Өткен жылы Е.Сиқымов, Матай, Жаңатілеу орта мектептері аудан бойынша ең жоғары балдарға ие болса Мамания және І.Жансүгіров атындағы орта мектептер (директорлары С.Артықбекова, А.Тұрарбаева және Ә.Байтұмақов) ең төменгі деңгейіндегі көрсеткіштер көрсетті.

Мемлекеттік грантқа түскендер саны жылдан жылға көбейіп келеді, нақты айтсақ 2007 жылы 141 түлек грант иегері атанса 2008 жылы олардың саны 154 ке дейін жетті.

2009 жылы 4 мұғалімге тұрғын үй берілді.

Білім мекемелеріне жүктелген функциялардың тиімділігін арттыру мақсатында үстіміздегі жылы келесі жұмыстар атқарылатын болады: І.Жансүгіров және М.Әуезов атындағы орта мектептерінің шатырлары, Қызылорақ орта мектебінің жылу жүйесі күрделі жөндеуден өткізіледі, Матай орта мектебінің ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізіліп оның жанып кеткен бөлігі 180 оқушыға арналып қайтадан салынады, Егінсу және Жаңатілеу орта мектептерінде 50 балаға арналған шағын орталықтар ашылады, Қапал ауылындағы бала бақша ғимараты жөндеуден өткізіледі, Матай поселкесіндегі жеке меншікке берілген бала бақша жөндеуден өткізіліп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, мектептерге 4 мультимедиялық кабинет пен 2 интерактивті тақта және қосымша компьютерлер алу жоспарлануда.

Есепті кезеңде  оқушыларды мектептерге дейін тасымалдау мақсатында ауданның жергілікті бюджеті түсімдерінің бос қалдықтары есебінен 200 мың теңге бөлінсе, қазіргі уақытта осы мақсатта 1 млн. 200 мың теңге бөлу мәселесі қарастырылуда.

 

Ауданның денсаулық сақтау саласының мемлекеттік мекемелердің құрамындағы 3 ауруханада, 14 ауылдық емханада және 31 медициналық пунктілерінде 640 адам жұмыс жасайды.

Есепті кезеңде ауданда 2008 жылмен салыстырғанда тіркелген әлеуметтік маңызы бар аурулардың саны азайды, бруцеллезге шалдыққандардың саны 42-ден 27-ге дейін, туберкулезбен ауырғандардың саны 66-дан 49 - ға дейін.

Өткен жылы өмірге 914 нәресте келгенімен, 11 нәресте өмір жарығын көре алмады, бұл көрсеткіш 2008 жылы тіркелген 1 жасқа дейін балалар арасындағы өлім деңгейінен 1 дерекке жоғары.

Үкімет тарапынан ана мен балаға арнайы бөлініп жатқан тегін дәрі дәрімектерді арқасында соңғы жылдары ана мен бала арасында кездесетін анемия, бүйрек ауруы, қан қысымын көтеретін аурулар сан жағынан 15-20 пайызға азайды.

2009 жылы ауданның денсаулық сақтау мекемелеріне қосымша 194 штат бірлігі берілді. Ауданға 11 жас маман жұмысқа келді, оладың 3-і дәрігерлер болса 8-і орта буынды медбикелер.

3 дәрігер баспанамен қамтамасыз етілді.

 

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

2009  жылы аудан бойынша жұмыссыз ретінде 995 адам тіркеліп, 2008 жылмен салыстырғанда 396 адамға көбейді.

Жұмыссыз қалған аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын мейілінше жақсарту мақсатында есепті кезеңде келесі жұмыстар атқарылды:                        

жұмыссыз ретінде тіркелген 995 адамның 886 – сы немесе 89 пайызы жұмысқа орналастырылды;

жұмыс берушілердің сұраулары бойынша  145 жұмыссыз ауданның кәсіптік мектептеріне 6 мамандық бойынша кәсіптік оқу мен кәсіптік қайта даярлауға жіберілді;   

  «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасында қаралған шараларды жүзеге асыру барысында аудан бойынша 294 жұмыссыз әлеуметтік жұмыспен қамтамасыз етілсе, 254 жұмыссыз кәсіптік оқуға және 100 адам жастар практикасына жіберілді. Өз ретінде жастар практикасына жолданған  жас мамандардың 11-і және кәсіптік оқуға жіберілгендердің 52 - сі тұрақты жұмысқа орналасты;  

 Есепті кезеңде аудан бойынша жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны 523, олардың ішінде: 15-сі өнеркәсіп саласында, 286-сы жеке кәсіпкерлікте, 212 білім және денсаулық сақтау салаларында және басқа салаларда 10.    

 Жұмыс жасап жатқандардың еңбектік құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі, кәсіподақтар одағы және кәсіпорындар арасында 8 меморандумға қол қойылды.         

 Халықты әлеуметтік қорғау мақсатында аудан бойынша 2009 жылы төленген төлемдерге назар аударсақ, кедейшілік шегінен төмен тұратын 129 отбасының 587 адамына 7 млн. 635 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек, 254 отбасының 737 балаларына тиесілі 6 млн. 254 мың теңге балалы отбасыларға төленетін жәрдемақы, жұмыс істеген және жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған 22 отбасына 272,2 мың теңге көлеміндегі жерлеуге берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек, Ұлы Отан Соғысының 22 қатысушысына 566 мың 6 жүз теңге көлеміндегі коммуналдық жеңілдіктер, мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын 45 отбасына 874 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек,  591 тұрмысы төмен отбасыларына 4 миллион 180 мың теңге көлеміндегі тұрғын үйге көмек,  атаулы  әлеуметтік көмек алушылар ішінен өз күшімен кедейшілік шегінен шығам деген 8 отбасының 45 мүшесіне 1 млн. 590 мың  теңге бір жолғы әлеуметтік көмек, ауылды жерде тұрып, жұмыс істейтін 1244 мұғалімге отын сатып алу үшін  7 млн. 918 мың теңге, денсаулық сақтау саласының 411 маманына 2 млн. 613 мың теңге, 27 әлеуметтік қамсыздандыру мамандарына 171 мың 9 жүз теңге, мәдениет және спорт ұйымдарының 144 мамандарына 916 мың теңге тағайындалып төленді.

 

Мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес:

Алматы облысы әкімдігінің 2006 жылғы 18 мамырдағы №144 қаулысы негізінде 17 адам санитарлық – курорттық жолдамамен қамтамасызе етілді;

187 ғимаратқа мүгедектердің кресло – арбаларына арналған құрылғы – пандустар салынды;

27 адам мұқтаждығына байланысты міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді;

21 адамға мүгедектерге керекті протездік, ортопедиялық құралдарға жолдама берілді.

Ауданның әлеуметтік қызметкерлері былтыр 131 жалғыз басты тұратын зейнеткерлер мен мүгедектердің күнделікті тұрмыс тіршілігіне араласып үйден әлеуметтік көмек көрсетті. 2009 жылы аудан бойынша есепте тұрған мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 124. Үйден оқитын және тәрбиеленетін 47 балаға 874 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемдер төленді.

Үстіміздегі жылы аудан халқын жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008 – 2010 жылдарға арналған іс - шаралар жоспарына сәйкес келесі жұмыстардың жүзеге асырылуы жоспарлануда:

- 500 жұмыссыздардың жұмысқа орналасуына ықпал ету;

- нысаналы топтан жұмыссыздар үшін 12 әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жергілікті бюджетте осы мақсатта 698 мың тенге қаралды;

- бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу, осы мақсатта жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемі 75 мың тенге;

- өңірлердің әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктіріне байланысты қоғамдық жұмыстар көлемін кеңейту және 360 жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тарту мақсатында жергілікті бюджетте 15 млн. 712 мың тенге қаралды;                                                                                

- 130 жұмыссызды еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес кәсіптер мен мамандықтар бойынша оқыту үшін, жергілікті бюджетте бөлінген қаражат көлемі 6 млн. 54 мың тенге бөлінді.

Жол картасы бағдарламасы аясында жастар практикасына 15 жас мамандарды жолдау жоспарланды, бөлінген қаражат – 1800,0 мың тенге. Сондай ақ әлеуметтік жұмыс орындарын құруды кеңейтуге 50 орынға 6000,0 мың тенге қаржы бөлінді.                                                                                                            Жоғары айтылған жұмыстармен қатар, биыл аудан көлемінде төмендегі көлемдегі әлеуметтік төлемдердің төленуі жоспарланды: кедейшілік шегінен төмен тұратын отбасыларының 450 адамына әлеуметтік көмекке 9 млн. 3 мың теңге; балалы отбасыларының 536 баласына 7 млн. 2 мың теңге; жұмыс істеген және жұмыссыз ретінде тіркелген 42 адамға жерлеуге берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек ретінде 578 мың теңге; 15 Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне коммуналдық жеңілдіктер ретінде 804 мың теңге; мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын 45 отбасына 924 мың теңге; тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үйге көмек ретінде 5 млн. 520 мың теңге; атаулы көмек алушылар ішінен өз күшімен кедейшілік шегінен шығам деген 5 отбасына 1 млн теңге көлеміндегі бір жолғы көмек;  әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуға  12 млн 360 мың теңге.

Ауданда орналасқан автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 643 шақырымды құраса, олардың ішіндегі 112 шақырым  республика маңызы бар жолдар санатына жатады, қалған 531 шақырым жергілікті маңызы бар жолдары болып есептеледі.

2009 жылы  жолдарды жөндеу жұмыстарына облыс бюджетінен 29 млн. 546 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды, оның ішінде: Жансүгіров – Арасан жолына  3 млн. 57 мың теңге; Кеңжыра ауылының кірме жолына 10 млн. 188 мың теңге; Сағабүйен - Қызылту жолына 9 млн. 280 мың теңге;  Егінсу ауылының кірме жолына 2 млн. 945 мың теңге; Қосағаш (АқынСара) ауылының кірме жолына 4 млн. 75 мың 321 теңге.

Есепті кезеңде Жансүгіров поселкесінің 13 және Қапал ауылының 3 көшесі жалпы құны 25,5 млн. теңгеге ағымды жөндеуден өткізілді.

Сонымен қатар, «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында республика бюджетінен бөлінген 108 млн. 156 мың теңгеге, облыс бюджетінен бөлінген 65 млн. 851 мың теңгеге және аудан бджетінен бөлінген 3 млн. 299 мың теңгеге, барлығы 177 млн. 306 теңгеге Жансүгіров поселкесінің 26 көшесі және Есеболатов, Қызылағаш, Сағабүйен, Қапал, Қаракемер, Ақсу елді мекендерінің көшелері жөндеуден өткізілді.

2010 жылы ауданның автокөлік жолдарын жөндеу мақсатында мемлекеттік бюджетте 45 млн. 40 мың теңге қаралды, оның ішінде республикалық бюджетте  11 млн. 668 мың теңге, облыс бюджетінде «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 5 млн. 832 мың теңге, аудан бюджетінде 27 млн. 540 мың теңге.

 

Елді мекендерді аббаттандыру мәселелерін шешу үшін, бюджет есебінен 32 млн. 899 мың теңге бөлініп, Жансүгіров поселкесінің көшелерінде ғимараттар қасбеттерін, қоршауларды сырлау, сылау, бордюр тастарын орнату, тротуар жасау, абаттандыру, аудан орталығындағы орталық паркті қоршау, аудан орталығының айналма жолына бордюр тастарын қойып, плиткаларды төсеу, қоршауларды орнату, бояу жұмыстары жүргізілді.

2010 жылы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру және санитариясын қамтамасыз ету, жерлеу орнын күтіп ұстау мақсатында барлығы 217 млн 584 мың теңге бөлінді, оның ішінде:

Жансүгіров ауылындағы орталық демалыс саябағын және Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің саябағын абаттандыру мақсатында жол қартасы бойынша республикалық бюджеттен 43 млн. 333 мың теңге, облыс бюджетінен 21 млн. 667 мың теңге;

аудан елді мекендерін абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 48 млн. 590 мың теңге;

елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру үшін 36 млн. 850 мың теңге                 Жансүгіров поселкесінің бұрыңғы қант зауытына қарасты, иесіз тұрған (алтыншы линия) электр жеүйелерінің  күрделі жөндеуіне 62 млн.333 мың теңге;

елді мекендердің санитариялық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында 3 млн. 145 мың теңге;

жерлеу орындарын күтіп ұстауға 1 млн. 666 мың теңге.

                                                                                             

2009 жылдың көктемгі – күзгі санитарлық – тазалық айлықтарының өткізілуіне  170 мекеме мен 23100 адам, 27 бірлік техника қатысып, нәтижесінде келесі жұмыстар атқарылды: 163 көше, 3055  тұрғын үй аулалары, жалпы ұзындығы 127 шақырым арық жүйелері тазартылды, 56 заңсыз төгілген күл-қоқыс орындары жойылды, барлығы 530 тонна күл-қоқыстар арнайы орындарға шығарылды, 11960  түп ағаш көшеттері отырғызылды.

Аудан елді мекендерінің санитарлық – тазалық жағдайының жақсаруына қазіргі уақытта «Ақсу көркейту» коммуналдық кәсіпорны үлкен септігін тигізіп отыр, осы кәсіпорынға былтырғы жылы  бір дана трактор тіркемесімен, бір трактор (эксковатор) тиегіш, бір КАМАЗ тіркемесімен, бір УАЗ автокөлігі,  бір манипулятор, бір автовышка алынды.

 

Құрылыс саласы.

2008     жылы аудан бойынша төмендегі құрылыс жұмыстары жүргізілді:

«Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыс бюджеті есебінен:                                                                                                                            - 45 млн. теңгеге Жансүгіров поселкесіндегі «Қарлығаш» бала бақшасының ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді;

-           38 млн. теңгеге Есеболатов ауылындағы Н.Есеболатов атындағы орта мектібінің ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді.

 

Сонымен қатар, облыс бюджеті есебінен:

- 11 млн. 800 мың теңгеге Есеболатов орта  мектебінің жылу жүйесі жөнделді;

- 11 млн. 600 мың теңгеге Тоқтаров атындағы орта мектебінің жылу жүйесі жөнделді;

- 8 млн. теңгеге Қаракемер орта  мектебінің жылу жүйесі жөнделді;

- 10 млн. теңгеге Е.Жайсанбаев атындағы орта мектебінің шатыры күрделу жөндеуден өткізілді;

- 11 млн. 600 мың теңгеге Көшкентал орта мектебінің шатыры күрделу жөндеуден өткізілді;

- 42 млн. 328 мың теңгеге Жансүгіров поселкесінде 7 арендалық тұрғын үй салынды;

- 32 млн. 378 мың теңгеге Жансүгіров поселкесінің инженерлік инфрақұрылымы жасалды;

- 55 млн. теңгеге Қапал ауылындағы  мәдениет үйінің ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді.

 

Аудан халқын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 2009 жылы Жансүгіров поселкесіндегі 2 көпқабатты тұрғын үйлердегі бос, иесіз қалдырылған 77 пәтер сот тәртібімен ауданның коммуналдық меншігіне өткізіліп берілді, қазіргі уақытта оларды жөндеуден өткізу үшін облыс бюджетінен қаражат бөлу мәселесі қаралуда, осы мәселе өз шешімін тапқан  жағдайда, бюджет есебінен жөнделген пәтерлер тұрғын үйге мұқтаж адамдарға берілетін болады.

 

Үстіміздегі жылы жоспарға сәйкес, облыс бюджеті есебінен аудан бойынша келесі құрылыс жұмыстары жүргізіледі:

-  75 млн. теңгеге «Ақын Сара» мәдениет үйінің ғимараты күрделі жөндеуден өткізіледі;

- 40 млн. теңгеге Е.Сиқымов атындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өткізіледі;

- 21 млн. 500 мың теңгеге Қызылағаш ауылындағы І.Жансүгіров атындағы орта мектебі ғимаратының шатыры күрделі жөндеуден өткізіледі;

- 22 млн. 500 мың теңгеге Молалы поселкесіндегі М.Әуезов атындағы орта мектебі ғимаратының шатыры күрделі жөндеуден өткізіледі;

- 14 млн. 100 мың теңгеге Қаракөз ауылындағы Қызылорақ орта мектебінің жлу беру жүйелері күрделі жөндеуден өткізіледі;

- 117 млн. теңгеге Матай поселкесіндегі  мектептің өртеніп кеткен бөлігі жаңадан салынады, сонымен қатар аталған мектеп ғимаратының негізгі бөлігі «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 60 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізіледі және осы елді мекеннің балабақша ғимаратына 20 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі;

- 47 млн. 743 мың теңгеге Қапал ауылындағы жеке тұрғын үй құрылысын салуға арналған инженерлік – коммуникациялық жүйесінің құрылысы жүргізіледі, сонымен қатар, аталған елді мекеннің балабақша ғимараты 135 млн, теңгеге күрделі жөндеуден өткізіледі.

 

Аудан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде орын алып отырған проблемалық мәселелердің шешілуі 2002 – 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалалық бағдарламасын жүзеге асыру барысында өз шешімін рет ретімен тауып келеді. Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі кезекті шаралар туралы» №3956 Жарлығын жүзеге асыруға бағытталған.

Аудан аумағындағы 50 елді мекеннің 18-і жалпы ұзындығы 179 шақырымдық су жүйелері, қалған 32 ашық су қоймалары арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілуде.

Матай поселкесі тұрғындарының ауыз суға деген мұқтаждығын толық қанағаттандыру мақсатында 2009 жылы облыс бюджетінен 12 млн. 800 мың теңге  бөлініп,  қосымша 1 скважина іске қосылды.

Аудан орталығы Жансүгіров поселкесінің жалпы ұзындығы 80 шақырым су жүйелерінің 60 шақырымдық бөлігін жөндеуден өткізу мақсатында 2009-2010 жылдарға облыс бюджетінде 232 млн. теңге қаралып, есепті кезеңде 121 млн теңгені құрайтын жөндеу жұмыстары басталды.

Қызылағаш елді мекені халқын ауыз сумен қамтамасуз ету мақсатында облыс бюджетінен 4 млн. 100 мың теңге бөлініп скважинаны тазарту, электр қондырғыларын орнату, су жүйесін тарту жөніндегі жобалау - сметалық құжаттар әзірленді.

2010 жылы облыс бюджетінен Жансугуров поселкесінің ауыз су жүйелерін жаңарту мен құрылысына 96 млн. 535 мың теңге, Қызылағаш ауылының ауыз су жүйелерін жаңғырту мен құрылысына 30 млн.теңге, Қызылту ауылының ауыз су жүйелерін жаңғырту  мен құрылысының жобалау сметалық құжаттарын даярлауға 2 млн. теңге бөлінді.

Сонымен қатар, Жансүгіров поселкесінің канализация жүйелерін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыс бюджетінен 18 млн. 757 мың теңге бөлінді.

 

Қоғамдық тәртіпті сақтау.

2009 жыл аудан бойынша тіркелген қылмыс деңгейінің жоғарылауымен сипатталды, аудан әкімі аппаратына түскен мәліметтерге сәйкес 2008 жылы 123 қылмыс тіркеліп, олардың ашылу деңгейі 80,5 пайызды құраса 2009 жылда 144 қылмыс тіркеліп, олардың ашылу деңгейі 81,5 пайызды құрады.

Қылмыстың алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізу жұмысының нәтижесінде адам өлтіру қылмысы 3-тен 1 - ге дейін кемігенімен қасақана адам денсаулығына ауыр зиян келтіру қылмысы 0-ден 2-ге дейін, зорлау қылмысы 6-дан 7-ге дейін тонау 0–ден 78–ге дейін өсті.

2008 жылы 73 бөтен мүлкін ұрлау қылмысы тіркеліп ашылуы 74 пайызды құраса, есепті кезеңде аталған 74 қылмыс тіркеліп, ашылуы 74,1 пайызды құрап отыр, оның ішінде 2008 жылы 20 пәтерден ұрлау тіркелсе, 2009 жылы осы қылмыс 7 рет тіркелген. 

Аудан жұртшылығын ерекше алаңдататын мал ұрлығы қылмысына тоқталатын болсақ 2008 жылы аудан бойынша  осы қылмыстың 20 дерегі тіркелсе, 2009 жылы 41 дерекке дейін немесе 2 есе өтіп кетті. Осы 41 мал ұрлығы қылмыстарының барысында 108 бас мал, оның ішінде 53 бас жылқы, 13 бас ірі қара, 42 бас қой ұрланды.

 

Мәдениет саласы.

Ауданның мәдениет саласында бүгінгі таңда 21 мәдениет үйі, 21 кітапхана мен 2 мұражай жұмыс жасайды, ондағы қызметкерлер саны 111. Аталған мекемелерді қаржыландыру мақсатында 2009 жылы аудан бюджетінен 123 млн. теңге бөлініп толығымен игерілді.

Сонымен қатар, есепті кезеңде Қапал ауылындағы мәдениет үйінің ғимараты 67 млн. теңгені құрайтын қаражатқа жөндеуден өткізілді.

Жоспарға сәйкес үстіміздегі жылы Ақын Сара атындағы мәдениет үйін жөндеу үшін 72 млн. теңге және І.Жансүгіров атындағы Ақсу тарихи өлкетану мұражайын жөндеу үшін 30 млн. теңге көлеміндегі қаражат мемлекеттік бюджет есебінен бөлінді.

 

Мемлекеттік тілді қолдау саласы.

Қазақстан Республикасының тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес бекітілген  аудандық тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 – 2010 жылдарға арналған іс шаралар жоспары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін  асыруда жұмыла кіріскен жұмыстың нәтижесі бүгінгі таңда аудан бойынша мемлекеттік тілдің құжаттар айналымы 100 пайызға жеткізілді.

  Мемлекеттік тілді ел ішінде көрнекі құралдар арқылы насихаттау  маңызы өте зор, осыған байланысты жергілікті жерлерде үгіт-насихат шараларын жүргізу мақсатына 1,5 миллион теңге бөлініп мемлекеттік тілдің дамуын насихаттайтын  58 көрнекіліктер мен лозунгілер жаңартылып, 23 билборд ілінді.

    Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытындағы іс шараларды жүргізу мақсатында 2009 жылы 580 мың теңге қаржы бөлініп, аудан көлемінде тілдік дамуды жетілдіру бағытында әр түрлі 29 шара өткізілді. Республикалық тілдік байқауға ауданнан қатысқан 2 үміткердің екеуі де жүлделі 3-ші орынды иеленіп қайтты. Облыс деңгейінде ұйымдастырылған шараларға қатынасқан аудан өкілдерінің біреуі бас жүлдені иеленіп, екеуі 1-орын, біреуі 2-орын, екеуі 3-орынды қанжығалады. 

 Халықты дене тәрбиесіне тарту, спортпен  шұғылдану, салауатты өмір салтын қалыптастыру Елбасымыздың талабы болып отыр.

  Ауданда Е.Сихимов атындағы стадион, «Батыр» күрес залы, облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 27 спорт залы, 79 спорт алаңдары мен гимнастикалық қалашықтар, 13 мылтық ату тирі,  2 ашық жүзу бассейні дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға қызмет етеді.

  Есепті  кезеңде ауданның спорт саласы көптеген шаралардың өткізілуімен және аудан спортшыларының республика, облыс деңгейінде өткізілген спорттық жарыстарына қатысуымен сипатталды.

Аудан ішінде баскетболдан аудандық турнир, «Спорт есірткіге қарсы» атты оқушылар спартакиадасы,  22 наурыз мерекесіне орай ұлттық спорттың 4 түрінен жарыс, мүмкіндігі шектеулі адамдардың 4-ші спартакиадасы, 9 мамыр ұлттық ат спортынан жарыс, Президент сынағы, «Әкем, шешем және мен» отбасылық жарыс, 5 маусым – денсаулық сақтау қызметкерлері күніне арналған аудандық аурухана қызметкерлері арасынады жазғы спартакиада, А.Зиядановты еске алуына арналған футболдан турнир, С.Мамырбековты еске алуына арналған волейболдан турнир, «Ұлт денсаулығы – жалпы ұлттық міндет» ұранымен денсаулық фестивалі, 21-ші аудандық спартакиада өткізілді.

Облыс деңгейінде өткізілген шараларға аудан спортшылары келесі спорт түрлерінен қатысты, Жарма ауданында еркін күрестен өткізілген облыстық еркін күрестен ашық турнирі (А.Төлепбергенов 3 орынға ие болды), президенттік көпсайысы, облыстық шаңғы жарысы, мемлекеттік қызметкерлердің қысқы спартакиадасы,  облыстық 2-ші жастар ойындары (аудан құрама командасы волейболдан 2-ші орынға, Е.Гольцман жүгіру мен ұзындыққа секіруден 2 орынға ие болды, Қ.Қыдырманов үстел теннисінен 3 орынға ие болды), Матай поселкесінде өткізілген дзюдо күресінен турнир (Д.Төлеуов пен Т.Шермуханова 1 орын алды),   грек – рим күресінен облыс біріншілігі (Қ.Төлегенов 1 орынға ие болды), Қапшағай қаласында өткізілген мүмкіндігі шектеулі адамдардың жарысы (Д.Қойшыбаев жеңіл атлетика мен арба жарыстарына 2 орынға және Г.Бикташев үстел теннисінен 3 орынға ие болды), Талдықорған қаласында ат спортынан бәйге (аудан құрама командасы 2-ші орынды иеленді), Ескелді ауданында футболдан аймақтық жарыс, Қапшағай қаласында өткізілген  ересектер мен ардагерлер арасында қазақше күресінен чемпионат, «Әкем, шешем және мен» отбасылық жарыс (Байсеріковтер отбасы 2 орынды иленді), облыстық үстел теннисі жарысы (аудан құрама командасы 4 орынға ие болды), Үштөбе қаласында өткен жеңіл атлетикадан және футболдан жарыстар, Қаскелен қаласында ерлер арасында фолейболдан жарыс, Ескелді ауданында еркін күрестен жарыс,   Талдықорған қаласында «Ақ бидай» 4-ші ауыл спорты ойындарынан Президенттік көпсайысы, мемлекеттік қызметкерлердің 1-ші жазғы спартакиадасы (аудан құрамасы жалпы командалық есепте 7-ші орынға ие болды), Текелі қаласында өткен ересектер арасында футболдан чемпионат, Талдықорған қаласында өткізілген грек - рим күресінен жарыс, Талдықорған қаласында ересектермен 1994 – 95 жылдар аралығында туылған азаматтар арасында бокстан чемпионат (А.Карим 1 орынға, Е.Абдилдінов 2 орынға ие болды), 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған Алматы облысының ашық біріншілігі.

Республика деңгейінде ұйымдастырылған шараларға аудан спортшылары келесі спорт түрлерінен қатысты, Өскемен қаласында дзюдодан өткен қыздар арасындағы жарысы (Ж.Сіргебаева дзюдодан республика чемпионы атанды), Жамбыл облысы Мерке ауданында өткізілген республикалық еркін күрестен турнирі (А.Төлепбергенов пен Д.Дәулетбаков 1 орынға ие болды), Екібастұз қаласында өткен қыздар арасындағы чемпионат (Г.Жанатова 1 орын алды),  Көкшетау қаласында өткізілген 1993-94 жылдар арасында туылған азаматтар арасында еркін күрестен чемпионат (Ә.Уатхан – 3 орынға, Д.Тынышбеков 2 орынға және А.Абілғазинов пен Е.Әбілданов 1 орынға ие болды), Қарағанды қаласында ат спортынан бәйге (аудан құрама командасы 1-ші орынды иеленді),  Қарағанды қаласында өізілген дзюдо күресінен чемпионаты 

Сонымен қатар Ресей федерациясының Самара қаласында өткен регбиден ашық біріншілігінде аудан спортшылары А.Тұрысбев пен М.Женисов 3 орынға ие болды.

  Ағымды жылы жоспарға сәйкес, облыс бюджеті есебінен 40 млн. теңгеге Е.Сиқымов атындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өткізіледі.

 

Телефон байланысы.

2009 жылы аудан бойынша жалпы саны 1490 телефон нүктелері орнатылып, жоспар 160 пайызға орындалды.  Жансүгіров, Қапал елді мекендерін жалғайтын радио желісі орнатылды. Жаңа интернет «Мегалайн» желісіне қосымша 103 абонент қосылды.

Үстіміздегі жылы телефон байланысының сапасын жоғарылату мақсатында Сағабүйен, Суықсай, Қапал, Ақсу ауылдарында 30 елді мекенді 1250 номерді қосуға мүмкіндік беретін телефон нүктелері орнатылады.      

 

Аудан әкімі аппаратының жұмысы туралы.

2009 жылы аудан әкімінің және аудан Әкімдігінің жұмысын ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық және материалдық техникалық қамтамасыз ету мақсатында қызмет еткен аудан әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметшілер саны 14 олардың ішінде: 3 аудан әкімінің орынбасары, аппарат жетекшісі, ұйымдастыру, мемлекеттік – құқықтық және кадрлармен жұмысы бөлімінде бөлім  жетекшісі, бас инспектор, бас маман – заңгер және кадрлар жөніндегі бас маман, жалпы бөлімде бөлім жетекшісі, бас маман есепші мен 1 жетекші маман есепші.

2009 жылы аудан әкімі аппаратына түсіп өнделген құжаттардың саны 2243, аудан әкімі аппаратынан жіберілген құжаттар саны 1861.

Аудан әкімінің атына түсіп аппараттың ұйымдастырылуымен, қаралған арыз-шағымдардың саны 802, олардың ішінде: тұрғын үйге кезекке қою жөнінде 48, жер алу мәселелері бойынша 293, жылжымайтын мүлікпен байланысты құжаттарды рәсімдеу жөніндегі 288  және басқалары 173.

Аудан әкімінің атына түскен 802 арыз-шағымдардың ішіндегі 796-ы қанағаттандырылды, қалған 6-і қаралу үстінде. Есепті кезеңде аудан әкімінің атына түскен өтініштердің барлығы Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы заңында көзделген мерзімдер ішінде қаралып, жауаптары берілді.

Есепті мерзімде аудан әкімдігімен  қабылданған қаулылар саны 382, олардың 2-і аудандық әділет басқармасында нормативтік – құқықтық актілер ретінде тіркеуден өткізіліп аудандық «Ақсу өңірі» газетінде жария етілді. Аталаған мерзімде аудан әкімімен қабылданған өкімдер саны 472, шешімдер саны 3, олардың 3-і нормативтік- құқықтық сипатта.

 

 Қадірлі жерлестер !

Мен Сіздерді ауданда 2009 жылы атқарылған жұмыстар туралы хабардар еттім, осы берілген есебім қанағаттанарлық баға алған жағдайда, негізгі міндетім деп ауданның әлеуметтік, экономикалық дамуы мен гүлденуіне бағытталған жұмыстарды жалғастыру қажет деп білемін.  

Есебімнің соңында келесі маңызды мәселе жөнінде айтып кеткен дұрыс болар еді. Биыл ауданымыздың құрылғанына 80 жыл толады. Бұл аудан тұрғындарыңың барлығы  үшін аса зор қуаныш, ортақ мерей. Осы маңызды шараны тиісті деңгейде өткізу үшін осы уақыттан алдын ала әзірлену мәселесіне бір адамдай атсалысуға шақырамын.

   

Ізет қойып, тыңдағандарыңызға рахмет !

 

 





Аудан жаңалықтары
13 января
Алматы облысының прокуратурасында кәсіпкерлердің құқығын қорғау тобы құрылды.  
 
15 декабря
Сайлаушылар тізімін құру, өзектілігін нақтылау және өздеріңіздің төл құжаттағы анықтамаларды тексерту үшін Ақсу ауданы әкімдігі CALL-CENTER орталығын құрды


Республиканың жаңалықтары


Государственные ресурсы
              



Таратулар


Аппарата акима Аксуского района





Карта района







Сайт бойынша іздеу







 
2009-2012 © Информационный портал Аппарата акима Аксуского района
Сайтты өңдеу және қолдау: Интернет-компания «Creatida»