Құрметті Ақсу ауданы әкімінің ресми сайтын пайдаланушылар !

Ұлтымыздың, еліміздің, мемлекеттігіміздің тарихында өзіндік алар ерекше орны бар Ақсу ауданы атынан ауданның ресми сайтына хош келдіңіздер дейміз!
Ауданымыздың ресми сайтының ашылуы елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында айтылғандай «электрондық үкімет» жасақтау жөніндегі жұмыстың нақты нәтижесі деп есептейміз.
Біздің Ақсу ауданы тарихи және мәдени, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлерге өте бай. Бүгінгі ашылып отырған сайт, аудан өмірінің одан әрі жақсара түсуіне өз әсерін тигізеді деген сенімдемін.
Біз ауданымызбен, облысымыздың, жалпы Қазақстанымыздың өсіп-өркендеуіне қызмет етуде өзара ынтымақтастыққа әрқашан дайынбыз!
Біздің сайтқа хош келдіңіздер!
Құрметпен,
Ақсу ауданының әкімі Дүйсембаев Әскербек Тұрарбекұлы
АУДАННЫҢ БАРЛЫҚ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІНЕ, ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРІНЕ !
Қызылағаш ауылында 12 наурыз күні төтенше оқиға болып, табиғаттың дүлей мінезінен өзен тасып, алапат тасқыннан үйлерді су шайып ақыры адам шығынына әкеліп соқты. Мал – мүлік, үй – жайды тып – типыл жасады. Апаттың алғашқы күнінен – ақ Республика көлемінде жан – жақты шаралар қолға алынып құтқару жұмыстарына жаппай кірісті. Моральдық, материалдық көмектер көрсетіліп, бүкіл қазақстандықтар қызылағаштықтарға қол ұшын беруде. Құрметті аудан ақсақалдары, ардагерлер, зейнеткерлер, қадірлі әже – апалар өз ауданымыздағы зауалды дұрыс түсініп, біздер де өз бауырларымызға көмек көрсетейік. Көп түкірсе көл дегендей біздер де табиғаттан зардап шеккендерге шамамызға қарай материалдық және қаржылай көмек берейік. Жәрдемімізді мына арнайы есепшотқа аударайық. Аудандық ардагерлер кеңесі.
АПАТҚА БАЙЛАНЫСТЫ АШЫЛҒАН ЕСЕП ШОТ
Общественный фонд «Жансугуров»
Банковский текущий счет ИИК 002700125 KZT
БИК Банка: 194101601
РНН 530200007643 Кбе 18
Назначение платежа: Благотворительная помощь пострадавшим в с. Кызылагаш Алматинской области Адрес Банка: г. Талдыкорган, Жансугурова 22/1 Факс: 30 57 08 «Жансүгіров» қоғамдық қоры Банк: 319900 Талдықорған аймақтық филиалы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ИИК 002700125 KZT Банк БИК 194101601 СТН 530200007643 Кбе 18 Төлем мақсаты: Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылындағы су апатынан зардап шеккен адамдарға қайырымдылық көмек көрсету